Ішкі істер министрі орынбасарының төрағалығымен жиналыс өтті


Контент:  ІІМ Басқару академиясында ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбековтің төрағалығымен жиналыс өтті.

Жиын барысында Академияның 2025 жылға арналған жылдық жоспары талқыланып, оқу процесін жетілдіру, кадрлық саясатты дамыту және ғылыми-зерттеу қызметін ілгерілету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми жобалардың өзектілігі мен олардың ішкі істер органдарының тәжірибелік қажеттіліктеріне сәйкестігі жөнінде пікір алмасу өтті. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне жаңа міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Іс-шара соңында министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков Академияның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ішкі істер органдары үшін білікті мамандар даярлау ісінде стратегиялық басымдықтарға назар аударды.

 

13 февраля, 2025

Басқару академиясында жедел отырыс өткізілді.

 

Академияның жедел отырысында Ішкі істер министрлігінде өткен жедел кеңестің қорытындысы шығарылды.

Жеке құрамға ІІМ алқасының негізгі талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Академия қызметінің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Кеңес тиімді жұмысты ұйымдастырудағы және білім беру қызметін одан әрі жетілдірудегі маңызды қадам болды.


 

24 января, 2025