WE ARE IN SOCIAL NETWORKS Contacts

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясында Конституция күні аталып өтті

Іс-шара барысында қызметте ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлер марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.

Салтанатты жиын аясында балалар да өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында жас өнерпаздарға Академия бастығы полиция полковнигі Ораз Жолдасов сыйлықтар табыстады.

Конституция күні — еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн мемлекетіміздің демократиялық даму жолын айқындап, тәуелсіз Қазақстанның негізгі құқықтық іргетасын бекіткен тарихи оқиғаны еске салады.

05 September, 2025

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруге үміткер туралы ақпарат

Академия бастығының орынбасары  

Заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі

Еремеев Дмитрий Витальевич

Справка о соискателе ученого звания "ассоциированный профессор (доцент)"

Список научных трудов

 

24 July, 2025

ІІМ Басқару академиясы мен Мемлекеттік басқару академиясы кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

13 ақпанда ІІМ Басқару академиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жұмыс кездесуімен барды. Іс-шараға екі ведомстволық оқу орнының басшылығы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу қызметі және озық білім беру тәжірибелерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Тараптар өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, оқу және ғылыми базамен танысты, сондай-ақ бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар және оқытушылар мен тыңдаушылар арасындағы тәжірибе алмасу аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында мемлекеттік басқару және құқық қорғау қызметі жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі аспектілері, оның ішінде оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, білім берудегі цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік билік органдары мен құқық қорғау құрылымдары үшін кадрлар даярлауда озық тәсілдерді қолдану мәселелері қарастырылды.


 

14 March, 2025

Ішкі істер министрі орынбасарының төрағалығымен жиналыс өтті


Контент:  ІІМ Басқару академиясында ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбековтің төрағалығымен жиналыс өтті.

Жиын барысында Академияның 2025 жылға арналған жылдық жоспары талқыланып, оқу процесін жетілдіру, кадрлық саясатты дамыту және ғылыми-зерттеу қызметін ілгерілету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми жобалардың өзектілігі мен олардың ішкі істер органдарының тәжірибелік қажеттіліктеріне сәйкестігі жөнінде пікір алмасу өтті. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне жаңа міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Іс-шара соңында министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков Академияның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ішкі істер органдары үшін білікті мамандар даярлау ісінде стратегиялық басымдықтарға назар аударды.

 

13 February, 2025

Басқару академиясында жедел отырыс өткізілді.

 

Академияның жедел отырысында Ішкі істер министрлігінде өткен жедел кеңестің қорытындысы шығарылды.

Жеке құрамға ІІМ алқасының негізгі талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Академия қызметінің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Кеңес тиімді жұмысты ұйымдастырудағы және білім беру қызметін одан әрі жетілдірудегі маңызды қадам болды.


 

24 January, 2025