Пресс-релиз Ағымдағы жылғы 21 тамызда ІІМ Басқару академиясында БҰҰ ЕҚБ өкілдерімен, сондай-ақ Солтүстік Еуропа елдерінің елшіліктері жанындағы полиция және кеден қызметтерімен байланыс офицерлерімен кездесу өтті.
Іс-шара барысында шетелдік қонақтар Академияның қызметі мен инфрақұрылымымен, сондай-ақ білім беру бағдарламаларымен, ғылыми-зерттеу саласы және ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен таныстырылды.
Ерекше назар заманауи оқыту технологияларын, полиция қызметінде жасанды интеллект пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану және деректерді сақтау желілерін енгізуге аударылды.
Тараптар халықтың полицияға сенім деңгейін арттыру, профилактикалық жұмыс әдістері, қылмыстардың жекелеген санаттарын ашу және халықпен өзара іс-қимыл сапасын көтеру жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.
Диалогтың маңызды бағыты Академияның сондай-ақ жалпы Қазақстандық полицияның құрылымдары мен Солтүстік Еуропа елдерінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын нығайту болды.
БҰҰ ЕҚБ өкілдері мен байланыс офицерлер Академияның дайындық деңгейін жоғары бағалап, халықаралық әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті және бірлескен жобалар аясында жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.
__________________