WE ARE IN SOCIAL NETWORKS Contacts

ҚазақстанРеспубликасыІшкіістерминистрлігі  БасқаруакадемиясыбастығыныңміндетінатқарушыОразЖолдасов 2025 жылғы 5 қарашадаөткентүркімемлекеттерініңполицияакадемияларыныңплатформасын (TÜRKPAP) құружөніндегі 1-шіКонгрескежәнеМеморандумғақолқоюрәсімінеқатысты.

Бас Ассамблея отырысының қорытындысы бойынша ІІМ Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов аталған Платформаның (TÜRKPAP) алғашқы вице-президенті болып сайланды.

Конгресстің 2-ші отырысын өткізу орны мен тақырыбы айқындалып, қатысушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттары бекітілді.

Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту мен тәжірибе алмасу түркі мемлекеттерінің полиция академияларының білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы халықаралық серіктестікті дәйекті түрде дамытып, Қазақстанды беделді салалық алаңдарда табысты таныстыруды жалғастыруда.

(not set)