







2025 жылғы 10 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы, Наиф атындағы Араб қауіпсіздік ғылымдары университеті (NAUSS) және Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) арасында ынтымақтастық туралы үшжақты өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі өтті.
Меморандумның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес және көші-қон процестерін басқару салаларында халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Құжат аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми зерттеулер жүргізу, оқытушылар мен мамандар алмасу, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен тағылымдамалар ұйымдастыру жоспарлануда.
Аталған келісімге қол қою – құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.