






2025 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы базасында «Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы төрт күндік халықаралық тренинг басталды.
Тренингке Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Наиф атындағы Араб қауіпсіздік ғылымдары университетінің, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, ІІМ Басқару академиясының қызметкерлері және Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері қатысуда.
Бағдарлама аясында шекараны басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі. Практикалық бөлім Астана қаласының халықаралық әуежайы базасында өтеді.
Бұл тренинг Қазақстанның құқық қорғау және шекара қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамы болып табылады.