WE ARE IN SOCIAL NETWORKS Contacts

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында «Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы 4 күндік халықаралық тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Наиф атындағы Араб қауіпсіздік ғылымдары университетінің (NAUSS), Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері қатысты. Төрт күнге созылған бағдарлама барысында қатысушылар шекара қауіпсіздігі, көші-қонды бақылау және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.  Іс-шараның соңында шетелдік қонақтар үшін ІІМ Басқару академиясы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Академияның оқу және ғылыми инфрақұрылымымен таныстырылды. Бұл тренинг Қазақстанның қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамдарының бірі болды және ІІМ Басқару академиясының халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі арттырды.

14 November, 2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында 
«Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы халықаралық тренинг өткізілуде.

Бүгін, 2025 жылғы 13 қарашада, бұл тренингтің практикалық сабақтары Астана қаласының халықаралық әуежайында өтті.

Сабақтарға Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Басқару академиясының қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар әуежайдағы шекаралық және көші-қон бақылауын ұйымдастыру үдерістерімен, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктерімен және трансұлттық қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы шаралармен танысты.

Практикалық сабақтар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

13 November, 2025

В Казахстане откроется филиал индийского университета судебной экспертизы и криминальных наук

По поручению Руководителя Администрации Президента А. Дадебай МВД совместно с МНВО проводится работа по созданию на базе Академии управления МВД филиала Национального университета судебных наук NFSU (г.Гандинагар, Индия).

29 октября на базе Академии управления МВД состоялась трехсторонняя встреча при участии Министра науки и высшего образования С.Нұрбек, заместителя министра внутренних дел генерал-майора полиции А.М.Сайтбекова и исполнительного регистратора Национального университета судебных наук Индии Шри Джадежа. 

Навстрече обсуждены вопросы создания филиала NFSUв Казахстане с целью подготовки квалифицированных кадров для правоохранительных органов Казахстана в области кибербезопасности, цифровой криминалистики, судебной экспертизы и прикладных уголовных расследований.

По итогам встречи в присутствии Министра науки и высшего образования С.Нұрбек, заместителя министра внутренних дел генерал-майора полиции А.М.Сайтбекова подписано соглашение об открытии филиала NFSUна базе Академии МВД и запуске образовательных программ двойного диплома.

В рамках договоренностей между сторонами особое внимание будет уделяться подготовке кадров, а также развитию совместных научных и юридических исследований, которые будут способствовать укреплению Казахстана как академического хаба в Центральной Азии.

 

Справочно:

Индийский национальный университет судебных наук является первым и единственным в мире университетом, специализирующийся на судебной экспертизе, криминологии и смежных дисциплинах в области уголовных расследований. Образовательная деятельность NFSU сфокусирована на развитии научных юридических исследований и прикладных разработок в области прикладных поведенческих наук и права. Кроме того, Индия обладает уникальной экспертизой в области цифровой криминалистики, судебной медицины и кибербезопасности.

 

__________

30 October, 2025

Жеке құрам арасында Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған деректі фильм көрсетілді.

Көрсетілімнен кейін талқылау ұйымдастырылып, қызметкерлердің тарихи санасы мен құқықтық көзқарасын нығайтуға ықпал етті.

05 September, 2025

БҰҰ ЕҚБ өкілдерімен, Солтүстік Еуропа елдерінің елшіліктері жанындағы полиция және кеден қызметтерімен байланыс офицерлерімен кездесу өтті.

Ағымдағы жылғы 21 тамызда ІІМ Басқару академиясында БҰҰ ЕҚБ өкілдерімен, сондай-ақ Солтүстік Еуропа елдерінің елшіліктері жанындағы полиция және кеден қызметтерімен байланыс офицерлерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында шетелдік қонақтар Академияның қызметі мен инфрақұрылымымен, сондай-ақ білім беру бағдарламаларымен, ғылыми-зерттеу саласы және ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыспен таныстырылды.

Ерекше назар заманауи оқыту технологияларын, полиция қызметінде жасанды интеллект пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану және деректерді сақтау желілерін енгізуге аударылды.

Тараптар халықтың полицияға сенім деңгейін арттыру, профилактикалық жұмыс әдістері, қылмыстардың жекелеген санаттарын ашу және халықпен өзара іс-қимыл сапасын көтеру жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.

Диалогтың маңызды бағыты Академияның сондай-ақ жалпы Қазақстандық полицияның құрылымдары мен Солтүстік Еуропа елдерінің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын нығайту болды.

БҰҰ ЕҚБ өкілдері мен байланыс офицерлер Академияның дайындық деңгейін жоғары бағалап, халықаралық әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті және бірлескен жобалар аясында жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

05 September, 2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясында Конституция күні аталып өтті

Іс-шара барысында қызметте ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлер марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланды.

Салтанатты жиын аясында балалар да өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында жас өнерпаздарға Академия бастығы полиция полковнигі Ораз Жолдасов сыйлықтар табыстады.

Конституция күні — еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн мемлекетіміздің демократиялық даму жолын айқындап, тәуелсіз Қазақстанның негізгі құқықтық іргетасын бекіткен тарихи оқиғаны еске салады.

05 September, 2025

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруге үміткер туралы ақпарат

Академия бастығының орынбасары  

Заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі

Еремеев Дмитрий Витальевич

Справка о соискателе ученого звания "ассоциированный профессор (доцент)"

Список научных трудов

 

24 July, 2025

ІІМ Басқару академиясы мен Мемлекеттік басқару академиясы кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

13 ақпанда ІІМ Басқару академиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жұмыс кездесуімен барды. Іс-шараға екі ведомстволық оқу орнының басшылығы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу қызметі және озық білім беру тәжірибелерімен алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.

Тараптар өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, оқу және ғылыми базамен танысты, сондай-ақ бірлескен зерттеулер, тағылымдамалар және оқытушылар мен тыңдаушылар арасындағы тәжірибе алмасу аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында мемлекеттік басқару және құқық қорғау қызметі жүйесінің тиімділігін арттырудың негізгі аспектілері, оның ішінде оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, білім берудегі цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік билік органдары мен құқық қорғау құрылымдары үшін кадрлар даярлауда озық тәсілдерді қолдану мәселелері қарастырылды.


 

14 March, 2025

Ішкі істер министрі орынбасарының төрағалығымен жиналыс өтті


Контент:  ІІМ Басқару академиясында ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Айдар Сайтбековтің төрағалығымен жиналыс өтті.

Жиын барысында Академияның 2025 жылға арналған жылдық жоспары талқыланып, оқу процесін жетілдіру, кадрлық саясатты дамыту және ғылыми-зерттеу қызметін ілгерілету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми жобалардың өзектілігі мен олардың ішкі істер органдарының тәжірибелік қажеттіліктеріне сәйкестігі жөнінде пікір алмасу өтті. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлеріне жаңа міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Іс-шара соңында министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков Академияның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ішкі істер органдары үшін білікті мамандар даярлау ісінде стратегиялық басымдықтарға назар аударды.

 

13 February, 2025

Басқару академиясында жедел отырыс өткізілді.

 

Академияның жедел отырысында Ішкі істер министрлігінде өткен жедел кеңестің қорытындысы шығарылды.

Жеке құрамға ІІМ алқасының негізгі талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Академия қызметінің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Кеңес тиімді жұмысты ұйымдастырудағы және білім беру қызметін одан әрі жетілдірудегі маңызды қадам болды.


 

24 January, 2025