ІІМ Басқару академиясы Әскери, арнайы оқу орындары қауымдастығына қабылданды



Кезекті есепті отырыста Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы Әскери, арнайы оқу орындарының қауымдастығына ресми түрде қабылданды.
Бұл маңызды оқиғаға еліміздің 14 жетекші ведомстволық және арнайы оқу орнының басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты.
Қауымдастыққа қабылдану Басқару академиясының ведомстволық білім беру жүйесіндегі беделінің артуы, әскери және арнайы жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытуға бағытталған стратегиялық бағытының айқын көрінісі болып табылады.
Кездесу барысында кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын үйлестіру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және ведомстволық жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.