Заманауи басқару дағдылары – кәсіби дамудың кепілі
ІІМ аумақтық Мамандандырылған күзет қызметі және Мемлекеттік фельдъергерлік қызмет басқармаларының басшы құрамы үшін ұйымдастырылған «ІІО-да басшының жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау нысаны және әдістемесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары табысты аяқталды.
Курс басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыру, жоспарлау мәдениетін жетілдіру және заманауи басқару тәсілдерін тәжірибеде қолдану бағытында білім мен тәжірибелік дағдыларды нығайтуға бағытталды. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.
Аталған курс басшылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және ішкі істер органдары қызметінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.