ІІМ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні атап өтілді
Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні атап өтілді. Министр Ержан Саденов ардагерлер мен қонақтарды, жеке құрамды мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Бұл күн - тарих, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Ұлы Жеңіс - ұлттың ерлігі. Бейбіт өмір - сол ерліктің нәтижесі. Басты қағидамыз - Заң мен Тәртіп. Бұл ұран емес, бұл күнделікті жұмыс. Әріптестер, халық сенімі - біздің ең басты бағамыз. Баршаңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Мереке құтты болсын! - деді Ішкі істер министрі. Іс-шарада антына адал офицерлердің ерлігі мен жанқиярлығы ерекше атап өтілді. - Барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, арнайы қызмет өкілдерін, әскери қызметшілерді, ардагерлерді 7 мамыр және 9 мамыр мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Ал қызметтегі азаматтарға елге адал әрі абыроймен қызмет етуді тілеймін! - деді Жамбыл облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісі командирінің орынбасары Виталий Мирошниченко.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолдауымен тәртіп сақшыларына пәтер кілттері табысталды. - Өз атымнан және отбасымның атынан ең алдымен Мемлекет басшысына, сондай-ақ министрімізге қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі нақты қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өз пәтеріңнің кілтін алу - әрбір отбасы үшін маңызды сәт, тұрақтылық пен болашаққа деген сенімнің белгісі, - деді ІІМ күзет қызметін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Денис Рудковский. - Ішкі істер саласында қызмет етіп жатқаныма 20 жылдан асады. Көпбалалы анамын. Бүгінгі таңда еңбегім еленіп, пәтерлі болып жатырмын. Әрі қарай қызметімді адал, қалтқысыз жалғастыруға мен дайынмын, - деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айнұр Байгеленова. Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты. Иығына погон тағып, қызметтің қиындығы мен қызығын қатар алып келе жатқан жандардың құрметіне қазақ сахнасының жұлдыздары өнер көрсетті.
ІІМ Басқару академиясында сертификаттар табысталды
2026 жылғы 20–25 сәуір аралығында ІІМ Басқару академиясының базасында «ІІО-да басшының жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау нысаны және әдістемесі» тақырыбы бойынша МКҚБ басқарма бастықтарының орынбасарларына арналған оқу курстары ұйымдастырылды.
Оқу курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Академия басшылығы тарапынан сертификаттар табысталды.
Бағдарлама аясында қатысушылар басқарушылық дағдыларын жетілдіріп, қызметті тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Мұндай оқыту курстары кәсіби біліктілікті арттыруға және қызмет тиімділігін нығайтуға бағытталған.
Білім мен тәжірибе – кәсіби дамудың негізі.
Басқару академиясында біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды
ІІМ Басқару академиясында 2026 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуірі аралығында өткізілген «Профилактика саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді шаралары» тақырыбындағы курстар барысында қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, басқарушылық және тәжірибелік құзыреттерін жетілдірді. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңын және Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын тиімді іске асыруға бағытталды.
Алынған білім мен дағдылар күнделік қызметте нәтижелі қолданылып, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
ҚР ІІМ Басқару академиясында араб тілі курстары аяқталды
Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне арналған араб тілін оқыту курстары сәтті аяқталды. Білім беру бағдарламасының бастамашысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Тұрақты өкілдігі болды. Бұл жоба мемлекеттік ведомстволар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен әріптестік байланыстарды нығайтудың жарқын үлгісіне айналды. Салтанатты іс-шараға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары департаментінің Кешенді оқыту қызметінің бастығы Хариндер Суд, Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігінің Халықаралық байланыстар бюросының бас директоры полковник Дана Альмарзуки, сондай-ақ араб тілі пәнінің оқытушысы Хенд Альсаади қатысты. Оқу бағдарламасы қарқынды форматта ұйымдастырылып, заманауи оқыту әдістемелерін тәжірибеге бағытталған тәсілмен ұштастырды. Соның нәтижесінде тыңдаушылар алғашқы сабақтардан бастап тілдік ортаға еніп, халықаралық деңгейде кәсіби өзара іс-қимыл жасауға қажетті араб тілінің базалық дағдыларын тиімді меңгерді. Аталған білім беру жобасын іске асыру халықаралық қатынастарды нығайтуға, кәсіби диалогты кеңейтуге және Қазақстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері мен халықаралық ұйымдардың құқық қорғау құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Ұлттық қорғаныс университетінде ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті басшылығының кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар университеттің оқу-ғылыми инфрақұрылымымен танысып, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу бағытындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша ведомстволық жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға, ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында АҚШ-тың Астана қаласындағы Елшілігімен екіжақты ынтымақтастық келіссөздерінің екінші кезеңі өтті.
Кездесу барысында тараптар келіссөздердің бірінші рауынды шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды талқылады, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшы кадрларын кәсіптік даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындады.
Талқылау қорытындысы бойынша әріптестікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Представитель Индийского национального университета судебных наук посетил Академию управления МВД.
Үндістан Ұлттық сот сараптамасы университетінің өкілі Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясына келді.
Стивен Барнс Академияның білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау әлеуетімен танысты.
Тараптар Академия базасында қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру және Үндістан университетінің филиалын ашу жөнінде алдағы шараларды талқылады.
Академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық тетіктерін пысықтау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында АҚШ Елшілігінің Астана қаласындағы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының басшы құрамын даярлау, заманауи білім беру тәсілдері, ғылыми-зерттеу қызметі, сондай-ақ қылмыстың алдын алуда дәлелді тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.
Тараптар цифрлық криминалистика, жасанды интеллект, талдамалық платформалар және полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.
Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, тараптар өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Халықаралық тәжірибе — тиімді полиция қызметінің негізі.
An international border security training concluded at the Academy of Management of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында «Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы 4 күндік халықаралық тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Наиф атындағы Араб қауіпсіздік ғылымдары университетінің (NAUSS), Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері қатысты. Төрт күнге созылған бағдарлама барысында қатысушылар шекара қауіпсіздігі, көші-қонды бақылау және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Іс-шараның соңында шетелдік қонақтар үшін ІІМ Басқару академиясы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Академияның оқу және ғылыми инфрақұрылымымен таныстырылды. Бұл тренинг Қазақстанның қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамдарының бірі болды және ІІМ Басқару академиясының халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі арттырды.
Participants of the international training visited the airport of Astana
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында
«Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы халықаралық тренинг өткізілуде.
Бүгін, 2025 жылғы 13 қарашада, бұл тренингтің практикалық сабақтары Астана қаласының халықаралық әуежайында өтті.
Сабақтарға Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Басқару академиясының қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар әуежайдағы шекаралық және көші-қон бақылауын ұйымдастыру үдерістерімен, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктерімен және трансұлттық қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы шаралармен танысты.
Практикалық сабақтар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.
Academy of Management of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan participated in the 1st Congress of TÜRKPAP





ҚазақстанРеспубликасыІшкіістерминистрлігі БасқаруакадемиясыбастығыныңміндетінатқарушыОразЖолдасов 2025 жылғы 5 қарашадаөткентүркімемлекеттерініңполицияакадемияларыныңплатформасын (TÜRKPAP) құружөніндегі 1-шіКонгрескежәнеМеморандумғақолқоюрәсімінеқатысты.
Бас Ассамблея отырысының қорытындысы бойынша ІІМ Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов аталған Платформаның (TÜRKPAP) алғашқы вице-президенті болып сайланды.
Конгресстің 2-ші отырысын өткізу орны мен тақырыбы айқындалып, қатысушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттары бекітілді.
Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту мен тәжірибе алмасу түркі мемлекеттерінің полиция академияларының білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы халықаралық серіктестікті дәйекті түрде дамытып, Қазақстанды беделді салалық алаңдарда табысты таныстыруды жалғастыруда.