Қабылдау комиссиясы +7 7172-57-01-29
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ Байланыс

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Астанада Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тыл ардагерлерін Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен арнайы құттықтады. Іс-шараға әскери бөлім командирі Ерлан Буранбаев бастаған бір топ офицер мен сарбаздар қатысты. Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында олардың үйлерінің аулаларында салтанатты шеру ұйымдастырылып, сарбаздардан құралған есептік топ жүріп өтті. Әскери оркестр патриоттық әуендер орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құрметке бөленген тыл еңбеккерлерінің қатарында Бресь Станислав Степанович, Варнавская Нина Николаевна, Мустаева Раиса Салиховна және Джампеисова Рахия Абдуовна бар. Олар соғыс жылдарындағы ауыр еңбек пен ел үшін атқарған адал қызметтері арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді. Ерлан Буранбаев ардагерлерге ізгі тілегін жеткізіп, олардың бейбіт өмір мен ел тыныштығын сақтауға қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. — Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен төзімдеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатыр. Біз сіздерге әрдайым құрмет көрсетеміз, — деді бөлім командирі. Ардагерлер өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін ризашылықтарын білдіріп, әскери қызметшілерге ақ баталарын берді.
 

11 мамыр, 2026

Басқару академиясында біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды

В Министерстве внутренних дел состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню защитника Отечества и Дню Победы. Министр внутренних дел Ержан Саденов поздравил ветеранов, гостей и личный состав, сообщает Polisia.kz. - Этот день - не только часть нашей истории, но и большая ответственность. Великая Победа - это подвиг народа, а мирная жизнь - результат этого героизма. Наш главный принцип - Закон и Порядок. Это не просто лозунг, а ежедневная работа. Уважаемые коллеги, доверие народа - наша главная ценность. Желаю всем успехов, крепкого здоровья и благополучия вашим семьям. Пусть ваш труд будет плодотворным. С праздником! - отметил министр внутренних дел. В ходе мероприятия особо отмечены мужество, самоотверженность и верность присяге сотрудников органов внутренних дел. - Хочу поздравить всех сотрудников правоохранительных органов, специальных служб, военнослужащих и ветеранов с праздниками - 7 мая и 9 мая. Ветеранам желаю крепкого здоровья и долгих лет жизни, а действующим сотрудникам - с честью и достоинством нести службу на благо страны, - поздравил заместитель командира строевого подразделения специального отряда быстрого реагирования ДП Жамбылской области Виталий Мирошниченко. Кроме того, при поддержке Главы государства сотрудникам полиции вручены ключи от новых квартир. - Хочу выразить искреннюю благодарность от себя и своей семьи Главе нашего государства, а также нашему министру за внимание к сотрудникам и реальную поддержку в решении социальных вопросов. Получение ключей от собственной квартиры - это важное событие для каждой семьи, символ стабильности, благополучия и уверенности в будущем, - сказал заместитель председателя комитета по контролю за охранной деятельности МВД Денис Рудковский. - В органах внутренних дел служу уже более 20 лет. Я многодетная мама. Сегодня мой труд получил высокую оценку, и наша семья получила собственное жилье. Это очень важное событие для нас. В дальнейшем я готова так же честно и преданно продолжать службу, - сказала старший инспектор по особым поручениям комитета миграционной службы МВД Айнур Байгеленова. Торжественная церемония завершилась праздничным концертом. В честь сотрудников, которые ежедневно несут службу, преодолевая все трудности профессии, выступили звезды казахстанской эстрады.

08 мамыр, 2026

ІІМ Басқару академиясында сертификаттар табысталды

2026 жылғы 20–25 сәуір аралығында ІІМ Басқару академиясының базасында «ІІО-да басшының жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау нысаны және әдістемесі» тақырыбы бойынша МКҚБ басқарма бастықтарының орынбасарларына арналған оқу курстары ұйымдастырылды.

Оқу курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға Академия басшылығы тарапынан сертификаттар табысталды.
Бағдарлама аясында қатысушылар басқарушылық дағдыларын жетілдіріп, қызметті тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Мұндай оқыту курстары кәсіби біліктілікті арттыруға және қызмет тиімділігін нығайтуға бағытталған.
Білім мен тәжірибе – кәсіби дамудың негізі.

28 сәуір, 2026

ҚР ІІМ Басқару академиясында араб тілі курстары аяқталды

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне арналған араб тілін оқыту курстары сәтті аяқталды. Білім беру бағдарламасының бастамашысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің Тұрақты өкілдігі болды. Бұл жоба мемлекеттік ведомстволар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен әріптестік байланыстарды нығайтудың жарқын үлгісіне айналды. Салтанатты іс-шараға БҰҰ-ның Бейбітшілікті қолдау операциялары департаментінің Кешенді оқыту қызметінің бастығы Хариндер Суд, Біріккен Араб Әмірліктері Ішкі істер министрлігінің Халықаралық байланыстар бюросының бас директоры полковник Дана Альмарзуки, сондай-ақ араб тілі пәнінің оқытушысы Хенд Альсаади қатысты. Оқу бағдарламасы қарқынды форматта ұйымдастырылып, заманауи оқыту әдістемелерін тәжірибеге бағытталған тәсілмен ұштастырды. Соның нәтижесінде тыңдаушылар алғашқы сабақтардан бастап тілдік ортаға еніп, халықаралық деңгейде кәсіби өзара іс-қимыл жасауға қажетті араб тілінің базалық дағдыларын тиімді меңгерді. Аталған білім беру жобасын іске асыру халықаралық қатынастарды нығайтуға, кәсіби диалогты кеңейтуге және Қазақстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері мен халықаралық ұйымдардың құқық қорғау құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

17 наурыз, 2026

ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ұлттық қорғаныс университетінде ІІМ Басқару академиясы мен Ұлттық қорғаныс университеті басшылығының кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар университеттің оқу-ғылыми инфрақұрылымымен танысып, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу бағытындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша ведомстволық жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуға, ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

06 наурыз, 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында АҚШ-тың Астана қаласындағы Елшілігімен екіжақты ынтымақтастық келіссөздерінің екінші кезеңі өтті.

Кездесу барысында тараптар келіссөздердің бірінші рауынды шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды талқылады, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшы кадрларын кәсіптік даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындады.
Талқылау қорытындысы бойынша әріптестікті нығайтуға және бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді.

27 ақпан, 2026

Представитель Индийского национального университета судебных наук посетил Академию управления МВД.

Үндістан Ұлттық сот сараптамасы университетінің өкілі Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясына келді.

Стивен Барнс Академияның білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау әлеуетімен танысты.

Тараптар Академия базасында қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру және Үндістан университетінің филиалын ашу жөнінде алдағы шараларды талқылады. 

Академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық тетіктерін пысықтау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

14 ақпан, 2026

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясында АҚШ Елшілігінің Астана қаласындағы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының басшы құрамын даярлау, заманауи білім беру тәсілдері, ғылыми-зерттеу қызметі, сондай-ақ қылмыстың алдын алуда дәлелді тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Тараптар цифрлық криминалистика, жасанды интеллект, талдамалық платформалар және полиция қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.

Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, тараптар өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Халықаралық тәжірибе — тиімді полиция қызметінің негізі.

18 желтоқсан, 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясы базасында шекара қауіпсіздігі бойынша халықаралық тренинг аяқталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында «Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы 4 күндік халықаралық тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Наиф атындағы Араб қауіпсіздік ғылымдары университетінің (NAUSS), Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері қатысты. Төрт күнге созылған бағдарлама барысында қатысушылар шекара қауіпсіздігі, көші-қонды бақылау және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.  Іс-шараның соңында шетелдік қонақтар үшін ІІМ Басқару академиясы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Академияның оқу және ғылыми инфрақұрылымымен таныстырылды. Бұл тренинг Қазақстанның қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадамдарының бірі болды және ІІМ Басқару академиясының халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі арттырды.

14 қараша, 2025

Халықаралық тренингке қатысушылар Астана әуежайында практикалық сабақтан өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында 
«Көп шекаралық өткізу пункттері бар теңізге шыға алмайтын мемлекеттер үшін қауіпсіздік сын-қатерлерін еңсеру» тақырыбындағы халықаралық тренинг өткізілуде.

     Бүгін, 2025 жылғы 13 қарашада, бұл тренингтің практикалық сабақтары Астана қаласының халықаралық әуежайында өтті.

Сабақтарға Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі мен Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Басқару академиясының қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар әуежайдағы шекаралық және көші-қон бақылауын ұйымдастыру үдерістерімен, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тетіктерімен және трансұлттық қылмыс пен заңсыз көші-қонға қарсы шаралармен танысты.

Практикалық сабақтар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

13 қараша, 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясы TÜRKPAP 1-конгресіне қатысты

ҚазақстанРеспубликасыІшкіістерминистрлігі  БасқаруакадемиясыбастығыныңміндетінатқарушыОразЖолдасов 2025 жылғы 5 қарашадаөткентүркімемлекеттерініңполицияакадемияларыныңплатформасын (TÜRKPAP) құружөніндегі 1-шіКонгрескежәнеМеморандумғақолқоюрәсімінеқатысты.

Бас Ассамблея отырысының қорытындысы бойынша ІІМ Басқару академиясы бастығының міндетін атқарушы Ораз Жолдасов аталған Платформаның (TÜRKPAP) алғашқы вице-президенті болып сайланды.

Конгресстің 2-ші отырысын өткізу орны мен тақырыбы айқындалып, қатысушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бағыттары бекітілді.

Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту мен тәжірибе алмасу түркі мемлекеттерінің полиция академияларының білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы халықаралық серіктестікті дәйекті түрде дамытып, Қазақстанды беделді салалық алаңдарда табысты таныстыруды жалғастыруда.

06 қараша, 2025