Бос орындар
Тылдық қамтамасыз ету бөлімі Коммуналдық-пайдалану тобының инженері
Талаптар:Жоғары техникалық білім (құрылыс, инженерлік жүйелер, жылу-энергетика, электрмен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық, инженерлік инфрақұрылым және т.б. техникалық бағыттар); Кемінде
1 жыл жұмыс өтілі инженерлік, коммуналдық-пайдалану, техникалық қызмет көрсету немесе құрылыс-техникалық бақылау саласында.
Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім бастығы
Талаптар:Жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, логистика, құқық немесе техникалық бағыттар); Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі,
немесе тиісті салада басшылық лауазымдарда тәжірибесі болуы.
Арнайы мемлекеттік архивінің архив меңгерушісі
Талаптар:Жоғары білім (тарих, архивтану, құжаттану, құқық, ақпараттық жүйелер немесе гуманитарлық бағыттар); Кемінде 1 жыл жұмыс өтілі архив ісі, құжаттамалық қамтамасыз ету немесе арнайы мемлекеттік органдар саласында.
Кітапхана (арнайы және жалпы) кітапханашысы (С-2) – 1 бірлік
Талаптар: Жоғары немесе орта кәсіби білім (кітапхана ісі, ақпараттық-кітапханалық жүйелер, педагогика, филология немесе гуманитарлық бағыттар бойынша); Кемінде 1 жыл жұмыс өтілі (кітапхана саласында немесе білім беру, мәдениет ұйымдарында ақпараттық-библиографиялық жұмыстарға байланысты қызметтерде).
1. Екінші арнайы топтың аға инспекторы (C-SVU-12) – 1 бірлік
Талаптар: жоғары білімі, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте, не судья лауазымында, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы.