Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі
Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі - ҒЗжРБЖҰ) Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы — жоғары оқу орны қызметінің басты бағыттарының бірі. Ол оқу процесімен тығыз байланысты және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттырудың, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау және арнайы органдары үшін кадрлар даярлау сапасын жақсартудың міндетті шарты болып табылады. Академияда ғылыми зерттеулер заңнаманы және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, сонымен қатар қомады дамыту проблемаларымен тығыз байланысты заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті проблемалары бойынша жүргізіледі.
ҒЗжРБЖҰ бөлімі жыл сайын ғылыми зерттеулердің нәтижелерін апробациядан өткізу үшін Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдердің белгілі ғалымдарын, мемлекетті органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, халықаралық сарапшыларды шақыра отырып, ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша ғылыми еңбектердің жинақтары басылып шығарылады.
Ең алдымен ІІМ жүйесіндегі басқа жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми байланысты кеңейту және нығайту ЖОО ғылыми-зерттеу қызметінің басты құрылымы болып табылады.