Қабылдау комиссиясы +7 7172-57-01-29
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕМІЗ Байланыс

Тарихы

Академия тарихы

Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» 2024 жылғы 31 қазандағы № 908 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылды.

Академияның негізгі міндеті – ішкі істер органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Академия қызметінің негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

  • Ішкі істер органдарының жоғары және орта буын басшыларын (аудандық және облыстық бөлімшелердің басшыларын) даярлау.
  • ҚР ІІМ бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының, сондай-ақ шетелдік мамандардың қайта даярлығын өткізу және біліктілігін арттыру.
  • Құқық қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар мен соғыс уақытындағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Академияның Уставы